«Жақсылықов Қорғаныс министрі ретінде қабылетсіз» - Отставкадағы полковник (ВИДЕО)

Мамыр 3, 2025 - 12:40
Мамыр 3, 2025 - 12:42
«Жақсылықов Қорғаныс министрі ретінде қабылетсіз» - Отставкадағы полковник (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

SADAQ MEDIA YouTube арнасында отставкадағы полковник, әскери сарапшы, ұшқыш Ермек Сейібатталов қонақта болды, - деп жазады saDaq.kz сайты.

Әскери сарапшы сұхбат барысында біздің елде де соғыс оты тұтануы мүмкін бе деген сынды сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Одан бөлек қоғамда шу тудырған Иманғали Тасмағамбетовтің даулы мәлімдемесі турлы өз ойын айтты. 

«Иманғали Тасмағамбетов басынан ел жағдайын емес, өз жағдайын ойлап барды. Білікті азамат сияқты көрініп, кей адамдарға жағынайын, мүмкін көмегі тиетін шығар деген оймен істеген сияқты. Неге десеңіз ОДКБ-ның бүгінгі күні бізге пайдасынан зияны көп. 1992 жылдың 15-мамырында ОДКБ құрылды. Кеңес Одағының әскері күшті болды. 15 мемлекет өзінің тәуелсіздігін жоғалтып алудан қорыққаннан Кеңес Одағының әскерін сақтап қалуға бірікті. Бірінші кезекте психологиялық, моральдық тұрғыдан өз міндетін атқарды. Кейін бірі шығып, бірі кіріп өзгерістер болды. БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне тіркелуге де бармақшы болды. Бірақ 2022 жылдың оқиғалары мұның бәрін артқа шегерді. Қазір ОДКБ ондағы елдердің аяғына байлап қойған 32 келідей салмақ тартып, оларға бөгет болып отыр. Біз одақтың құрамында болғаннан кейін басқа елдерден әлдеқайда дамыған қару-жарақ түрлерін ала алмаймыз. Басқа салаларда да дәл солай», - деді ол.

Сондай-ақ Ермек Сейітбатталов ОДКБ құрамынан сытылып шығып кетуге мүмкіндік барын да айтып өтті.

Отставкадағы полковник қазіргі Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың біліктілік деңгейіне тоқталып, оның адасып жүргенін жеткізді. 

«Әңгімемді алыстан бастайын. Әскери адам әскери училищені бітіреді. Білім алғаннан кейін бірден командир болмайсың. Оған дейін көтерілу үшін білім аласың. Сол алған біліміңді қызметіңде қолдана білу керек. Қағазда жазылған басқа, өмірде басқа болып шығады. Сол кезде сіз жаңа білім алып, қорыңызды көбейтесіз. Санасына түйреп оқыған мен жай жан-жағына қарап оқығанның арасында көп айырмашылық бар. Руслан Жақсылықовты жас кезімнен білемін. Ол кісінің барлаушы тәжірбиесі бар. Содан академияға кетті. Академиядан өз еркімен ІІМ-ге кетті. Сол жерде жұмыс істеді. Одан кейін әскери академияны бітірді. Қайтадан ішкі істерге барды. Ептеп полиция қызметкері болып кетті. Бізбен бірнеше жиналыста болды. Ол кісінің ойлау деңгейі ІІМ-ге барса, сол жерде министр болуға жетеді. Ал Қорғаныс министрлігін басқаруға қабылеті жоқ», - деп түйіндеді бағдарлама қонағы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow