«Жалған ақпарат»: Ерболат Құдайбергеновке қатысты тараған видеоға менеджері пікір білдірді

Ақпан 11, 2026 - 14:15
 0  18
«Жалған ақпарат»: Ерболат Құдайбергеновке қатысты тараған видеоға менеджері пікір білдірді
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде "полиция қызметкерлері танымал әнші Ерболат Құдайбергенді ұстап, наркология орталығына жеткізгені" туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды sadaq.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрда "Ерболат Құдайбергенге ұқсайды" делінген адам полицияның жанында тұрғаны көрінеді.

Редакция осы жағдайға байланысты әншінің менеджерімен байланысқа шықты.

"Бұл - жалған ақпарат. Концерттерге шығып жүрміз. Бәрі жақсы. Соңғы өнер көрсеткен жеріміз - Астана", - деді ол.

Сонымен қатар, өнер иесінің менеджері жалған ақпарат таратқандарға қатысты шара қолданатындарын мәлімдеді.

Massaget.kz Алматы Полиция департаментіне сауал жолдады. Материал жарияланған уақытта құзырлы органдар ресми пікір білдірмеді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0