Жамбыл облысында 930 бала арнайы медициналық тексеруден өтпеген — Прокуратура

Жамбыл облысында прокурорлар кәмелетке толмағандарды медициналық тексеруден өткізу кезінде құқық бұзушылықтар болғанын анықтады. Бұл туралы өңірлік прокуратура мәлімдеді. 

Маусым 12, 2025 - 16:42
 0  45
Жамбыл облысында 930 бала арнайы медициналық тексеруден өтпеген — Прокуратура
Фото: istockphoto.com

Жуалы ауданының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңдылықтың жай-күйіне жүргізген талдау барысында медициналық мекемелердің балаларға профилактикалық медициналық тексерулер ұйымдастырмағанын анықтады -деп хабарлайды KAZINFORM

— Жуалы ауданының 7 білім беру ұйымында 930 кәмелетке толмаған бала арнайы медициналық тексеруден өтпеген, бұл олардың кепілдендірілген медициналық көмек алу құқығын бұзып отыр, — делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде балалар тексеруден өте бастады, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура балалардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысын жалғастырады.

Бұған дейін хабарланғандай, Жамбыл облысында 300-ден астам адамды алдаған алаяқтар анықталды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0