Жамбыл облысында мектеп бітіруші түлектер отырған көлік апатқа ұшырады
Жамбыл облысы Жуалы ауданында мектеп бітіруші түлектер отырған көлік жол апатына ұшырады. Оқиға орнында көлік жүргізушісі көз жұмған.
Жуалы ауданы әкімдігінің Facebook парақшасындағы ақпаратына қарағанда жол апаты 25 мамырда болған.
"Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бара жатқан "Тойота Камри" маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған", - делінген хабарда. Жол апаты салдарынан 21 жастағы азамат оқиға орнында қаза тапты.
Оның жолаушылары – 20, 17 жастағы тұлғалар және 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілген. Қазір олардың жағдайы тұрақты, бақылауда. "Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарда.
Сіздің реакцияңыз қандай?