Жамбыл тұрғыны аяғы ауыр әйелін өлтірген

Тамыз 8, 2025 - 09:32
Жамбыл тұрғыны аяғы ауыр әйелін өлтірген
Фото: pexels.com

Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жүкті әйелін өлтірген ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қанды оқиға 2024 жылдың тамызында Қордай ауданына қарасты Масанчи ауылында болған. Тергеу дерегінше, отбасылық жанжал кезінде ер адам жүкті екенін біле тұра, әйелінің мойын тұсына пышақ сұғып, оқиға орнында өлтіріп кеткен. Марқұмның жүктілігін, қылмыстың ауырлығын сот сараптамасы мен куәгерлердің сөздері дәлелдеген.

Прокуратура 18 жыл сұрағанымен, сот күдіктінің кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 4-тармағына (жүктi әйелдi өлтiру) сәйкес ең төменгі жаза — 15 жыл түрме кескен. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

 Бұған дейін Жетісу облысындағы Баласаз ауылында да аяусыз қылмыс тіркелген. Айзат Жуманова есімді 32 жастағы жүкті әйелді туыстарының айтуынша, күйеуі бірнеше сағат бойы қинап, кейін аттың шанағына байлап, жермен сүйреткен.

Алайда тергеу бұл істі “абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіріп, өлімге әкелу” бабымен қарап жатыр. Қайғыдан қан жұтқан отбасы істі “ерекше қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру” бабы бойынша қайта саралауды талап етуде

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow