Жамбылда 6 жастағы туған қызын зорлаған әке өмір бойына сотталды
Азғын қылмысты мас күйде жасаған

Биыл 25 сәуір күні үйінде ішімдік ішкен ер адам масайған соң өзінің алты жасар туған қызын зорлаған. Бүгін Жамбыл облысының Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны өмір бойына соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, оның кінәсі толын дәлелденген. Қыздың анасы азғындық жасаған күйеуін кешірмеген.
«2025 жылы 25 сәуір күні сотталушы Қордай ауылындағы өзінің тұрғылықты мекен-жайында бола тұра, алкогольдік масаң күйінде, 2019 жылы туған жәбірленушінің, яғни, өз қызының дәрменсіз күйін пайдаланып, әкесі бола тұра, жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған», - деп хабарлайды сот.
Прокурор қыздың әкесін өмір бойына соттауды сұраған. Бұл бап бойынша айыпталғандарға негізінен тек осындай жаза тағайындалады.
«Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сот моральдық зиянның өтемі ретінде 5 млн теңге өндірді», - деп хабарлайды Жамбыл соттарының баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз қандай?






