Жан Ахмадиев атышулы Хасан өзіне хабарласқанын айтты (ВИДЕО)

Қазан 16, 2024 - 17:28
Жан Ахмадиев атышулы Хасан өзіне хабарласқанын айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Танымал журналист Жан Ахмадиева атышулы Хасанның өзін бопсалағанын айтты, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасына видео жариялады.

Ахмадиевке әлдекім «Ассалаумағалейкүм, блогерсымақ, елді неге шулатып жатсың-ей? Связьға шықшы маған» деп дөрекі түрде хабарласады. Журналистің сөзінше, желіге жариялаған видеосындағы дауыс атышулы Хасанның оған жіберген аудио хабарламасы.

«Бұл Хасанның маған WhatsApp арқылы жіберген хаты-мыс. Білмей жатып қараладың деп маған да, өзінің сұхбатында да баяндады», — деді Жан Ахмадиев.

Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осы оқиғадан кейін жергілікті тұрғындар «Хутор» қылмыстық тобы және Хасан есімді адам жайлы жиі айта бастады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жан Ахмадиев (@zhan_ahmadiev)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow