«Жаңа өмірмен таныстырайық»: Елдос «Колобок» баласына ерекше есім берді

Қараша 17, 2025 - 16:42
«Жаңа өмірмен таныстырайық»: Елдос «Колобок» баласына ерекше есім берді
Фото: видеодан скрин

Белгілі блогер әрі асаба, көпшілікке Елдос «Колобок» лақап атымен танымал Елдос Қадырханов пен әйелі көптен күткен сәбиіне ерекше есім берген, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Блогер баласы мен әйелін үйге шығарып алғаннан кейін суреттерін жариялап, оқырмандарына алғыс айтты.

«Жер бетіне келген жаңа өмірмен таныстырайық. Біздің әлемге қош келдің, Бағзат Әлем Елдосұлы. Әлем — шексіздік, кеңдік, еркіндік. Әлемге үлгілі азамат бол, біздің ғажап әлемді аралап, әлемді бағындырып, жақсы жағынан әлемге танымал бол. Саған бізді танитын әлем тілеулес болды, сол себепті есімің ӘЛЕМ ЕЛДОСҰЛЫ», — деп жазған блогер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow