Жанатаста төтенше жағдай: Желдің жылдамдығы 100 км/сағ жетті

Ақпан 6, 2026 - 12:12
Ақпан 6, 2026 - 12:12
 0  3
Жанатаста төтенше жағдай: Желдің жылдамдығы 100 км/сағ жетті

Жамбыл облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты Жанатас қаласында төтенше жағдай орын алды. Қатты желдің екпіні сағатына 100 шақырымға жетіп, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымға айтарлықтай зақым келуде, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, алапат боран кеше кешкі сағат 20:00 шамасында басталған. Тұрғындардың айтуынша, мұндай жойқын желді бұрын-соңды көрмеген және ол түннен бері толастамай тұр.

Желдің қатты екпінінен электр желілері үзіліп, қаланың көп бөлігі түннен бері жарықсыз қалды. Сонымен қатар, видеокадрлардан ғимараттардың шатырлары ұшып, ағаштардың құлап жатқанын көруге болады.

Қазіргі уақытта жауапты қызметтер жөндеу жұмыстарын жүргізуге кірісті. Төтенше жағдайлар мамандары тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және қажетсіз көшеге шықпауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0