«Жанымның өрті сөнген жоқ»: Анна Данченко әсерлі жазба жариялады

Қыркүйек 16, 2026 - 16:59
 0  26
«Жанымның өрті сөнген жоқ»: Анна Данченко әсерлі жазба жариялады
Фото: Ашық дереккөз

Танымал тележүргізуші Анна Данченко әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі жағдайымен бөлісіп, жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жақында анасынан айырылған тележүргізуші жан қиналысын жасырмады.

«Үйден шықпай жүргеніме біраз болды. Ешкімді көргім де, сөйлескім де келмейді… Қыздар қоймай: «Жүріңіз, тауға барып қайтайық», – деген соң келістім. Ауасы тап-таза, айнала тып-тыныш. Тауда жаңбыр себелеп тұр. Ал менің жүрегімдегі найзағай әлі басылған жоқ, жанымның өрті де сөнген жоқ. Көзімнің жаңбыры да әлі тоқтаған жоқ…Бірақ бар күшімді жинап, ортаға қайта қосылуға тырысып жүрмін. Асықпай, шамам келгенше. Барлықтарыңызға көп рақмет! Жекеге келіп жатқан хаттар көп, хабарласып та, үйге келіп те кеткен жандар аз емес. Расында да, адамға керегі көңіл ғана»,– деп жазды ол. 

Желі қолданушылары Анна Данченкоға демеу сөздер жазып, ақ тілектерін арнады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0