«Жаныңыз жәннатта болсын»: Танымал спортшының отбасы қара жамылды

Наурыз 31, 2026 - 11:57
chat_bubble  0 visibility  1
«Жаныңыз жәннатта болсын»: Танымал спортшының отбасы қара жамылды

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан атасы Жолдасбек Айтмұқанның  дүниеден өткенін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.  Қаралы хабарды спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Бүгін мен қанатымнан айырылдым. Айтмұқан атамнан айырылдым. Олимпиадада жеңіске жетіп, сол жеңісті сізге арнаймын деп армандаған едім, ата… бірақ үлгермедім. Жақындарыңызды бағалаңыздар, олармен көбірек уақыт өткізіңіздер. Бұл – ешқандай ақшаға сатып ала алмайтын бақыт. Ата, мен сізді қатты жақсы көремін. Жаныңыз жәннатта болсын", – деп жазды Ризабек Айтмұқан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0