Жанқош Тұраровты айыптаған әйел бұған дейін де зорланғаны туралы арыз жазған

Тамыз 23, 2024 - 09:49
Тамыз 23, 2024 - 11:19
 0  849
Жанқош Тұраровты айыптаған әйел бұған дейін де зорланғаны туралы арыз жазған
Фото: Жанқош Тұраровтың instagram парақшасынан

Желіде боксшы Жанқош Тұраровқа қарсы арыз жазған әйел туралы ақпарат пайда болды. Ол бұған дейін де бірнеше рет зорлап кетті деп басқа адамадардың үстінен арыз жазған болып шықты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Ақпарат бойынша, Жанқош Тұраровтың үстінен арыз жазған қыз зорланғаны туралы полицияға арызданған. Ол Қонаев полициясына Алматы мен Өскемен тас жолында белгісіз біреулердің зорлағаны туралы арызбен жүгінген. 

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, ол полицияға жеткізілді.

"4 шілдеде Қонаев полициясына Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны хабарласып, "Алматы-Өскемен" тас жолында белгісіз біреудің зорлағанын айтты. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті полицияға жеткізілді. Қызметкерлер барлық қажетті сараптамаларды тағайындады", – делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 1
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0