Жас қызды аман алып қалған астаналық құтқарушыларға дүйім жұрт қол соқты (ВИДЕО)

Оқиға, бүгін 30 қазан күні күндіз болған

Қазан 30, 2025 - 16:05
Қазан 30, 2025 - 16:30
Жас қызды аман алып қалған астаналық құтқарушыларға дүйім жұрт қол соқты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Бүгін Астана қаласы Байқоңыр ауданы Шолпан Иманбаева көшесінің бойындағы биік үйдің 15-қабатына шығып алған бойжеткен өмірмен қош айтыспақ болған. Абырой болғанда, құтқарушылар көрші пәтердің терезесі арқылы қызды аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Астананың төтенше жағдайдар қызметінің жедел нөміріне телефон шалған тұрғындар жас қыз 15-қабаттан секіргелі жатыр деген хабар берген. құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, жедел әрекетке көшкен. Көрші пәтердің терезесіне шыққан құтқарушы қызды ұстап үлгеріп, құтқарды», - деп хабарлайды ТЖД.

Құтқарушылардың жанқиярлығының арқасында 1999 жылы туған қыз аман қалды. Бұл оқиғаның видеосы қазір әлеуметтік желіге көп таралып жатыр.

Тұрғын үй аумағында жүрген адамдардың бәрі оқиға орнына жиналып, жан-жақтан видеоға түсірген. Құтқарушылар қызды терезеден пәтерге кіргізген кезде жерде тұрған халық оларға ду қол шапалақтаған

.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow