«Жазирадан да сұлу екен»: Жазира Байырбекова болашақ құдағайымен танысты (ВИДЕО)
Танымал әнші Жазира Байырбекова TikTok әлеуметтік желісінде құдағиымен кездескен сәтінен видео жариялап, болашақ құдағайлардың таныстығы елдің назарын аударды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бейнежазбада әнші құдағиымен алғаш рет жүздескенін айтып, әзіл аралас пікір білдірген.
«Құдағиым Лизамен кездесу. Кит мәселесі шешілді. Кит бермейтін болдық», – дейді әнші.
Бұл жазба желіде тез таралып, көпшілік арасында түрлі пікір туғызды. Кейбір қолданушылар әншінің сөзіне әзілмен жауап қайтарды.
«Кит бермесеңіз де, тым болмаса кофе алып бермедіңіз бе?»,– деп жазды оқырмандардың бірі.
Ал басқа желі қолданушылары құдағайының ерекше сұлулығын айтып, жарыса пікір жазды.
«Дұрыс, керек емес. Жастар бақытты болсын, «Құдағай неткен сұлу еді» Құдағи жап-жас екен», «Киті құрсын, қазіргі заманда ең бастысы – татулық», «Жазирадан да әдемі екен құдағи», – деп пікір қалдырды көпшілік.
Желі қолданушыларының басым бөлігі бұл видеоны жылы қабылдап, екі жақтың арасындағы сыйластық пен ашық қарым-қатынасты жоғары бағалады. Кейбірі қазақы салт-дәстүрдегі «кит беру» жөніндегі әзілді қазіргі заманға сай жеңіл қабылдауға шақырды.
Айта кетейік, соңғы уақытта Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде отбасылық өмірінен, жақындарымен болған сәттерден жиі видео жариялап жүр. Оның мұндай қарапайым әрі шынайы жазбалары оқырмандары тарапынан қолдау тауып келеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
1
Ұнамады
0
Керемет
1
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0