«Жеті күн ауруханада жатты»: Роза Бағланованың келіні енесінің қазасы туралы айтып берді (ВИДЕО)
Белгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Бағланованың келіні журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында анасының өмірінің соңғы сәттері туралы тебіреніспен айтып берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оның сөзінше, әнші ауруханада шамамен жеті күн жатқан. Соңғы күндерінің бірінде дәрігерлер жақындарына жансақтау бөліміне кіруге рұқсат берген.
«Ауруханада жеті күн жатты ғой деймін. Жетінші күні біз бардық. Жасанды тыныс алумен жатты. Дәрігер: "Сендер келгенде дәрі бермеймін, есін біліп жататын болады", – деді. Немересін алып бардық. Өзі қатты жақсы көретін ұл немересі еді. Түнгі сағат 12 шамасында әрең дегенде жансақтау бөліміне кірдік. Есін біліп жатыр екен. Көре сала мен қатты жыладым. Тізерлеп отырып қалдым. Сонда анам қолымды қатты қысты. Өзі трубкамен жатты, бірақ көзінен жас парлап ағып жатты. Мен тек: "Мама, бұл қалай болды?" деп айта бердім. Шок жағдайда болдым», – деді ол.
Қызының айтуынша, сол түні олар анасымен қоштасып шыққан. Алайда келесі күні әнші өмірден өткен.
«Біз түнде барып қайттық. Келесі күні ол кісі кетті. Ішімде бір өкініш қалды. Сол ауруханаға бекер апардым ба деп ойлаймын», – деп ағынан жарылды ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0