Жетісу облысында ер адам үш жасар баласын аяусыз ұрып-соққан

Ақпан 3, 2026 - 09:35
 0  27
Жетісу облысында ер адам үш жасар баласын аяусыз ұрып-соққан
фото: видеодан скриншот

Жетісу облысында үш жасар балаға қатысты зорлық фактісі тіркелді. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Ағымдағы жылдың 2 ақпан күні сағат 21:00-де «102» пультіне медициналық мекемеден үш жасар баланың зорлық белгілері бар дене жарақаттарымен жеткізілгені хабарланды. Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген полиция хабарламасында.

Полиция қызметкерлері баланың әкесін алкогольдік масаң күйде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазіргі уақытта бала анасымен бірге медициналық мекемеде, оған қажетті көмек көрсетілуде.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0