Жезқазғанда полицейлер өрт кезінде тұрғынды құтқарып қалды

Наурыз 31, 2026 - 14:29
chat_bubble  0 visibility  1
Жезқазғанда полицейлер өрт кезінде тұрғынды құтқарып қалды
Фото: policia.kz.

Жезқазғанда полицейлер өрт кезінде тұрғынды құтқарып қалды,  деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Таңғы сағат 06:24 шамасында кезекші бөлімге Бейбітшілік көшесіндегі үйлердің бірінің пәтерінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция ротасының инспекторлары, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері және жедел-тергеу тобы шұғыл жетті.

Көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарын қою түтін басқанын байқаған полиция қызметкерлері дереу эвакуациялық шараларды ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары пәтерлерді аралап, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарған.

Сақшылар өрт шыққан пәтерді тексеру барысында ес-түссіз жатқан азаматты анықтап, дереу қауіпсіз жерге шығарды. Кейін құтқарылған азамат медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді.

Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0