Жезқазғанда жол апатынан жасөспірім қаза тапты (ВИДЕО)

Қыркүйек 22, 2026 - 20:06
chat_bubble  0 visibility  5
Жезқазғанда жол апатынан жасөспірім қаза тапты (ВИДЕО)
Фото: Pixabay

Жезқазғанда жасөспірімнің қаза болуына әкеп соққан жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр. Қайғылы оқиға Шолохов көшесінде болған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, BMW көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан көлік қозғалыс бағытын өзгертіп, электр желісінің бағанына соғылған.

Апат кезінде алған жарақаты салдарынан кәмелетке толмаған жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасына қатысқан тағы екі адам медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Олардың қазіргі жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ.

Аталған факті бойынша Жезқазған қаласының полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Құқық қорғау органдары жол апатына әкеп соққан себептер мен жағдайларды қоса алғанда, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Тергеу барысы Полиция басқармасының бақылауында.




Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0