Жезқазғанда жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты

Қыркүйек 22, 2026 - 10:45
chat_bubble  0 visibility  3
Жезқазғанда жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты
Фото: Видеодан скрин

Жезқазғанда адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, хабарлайды Sadaq.kz.

Белгілі болғандай, BMW көлігі жолдан шығып кетіп, электр желісінің бағанына соғылған. Қатты соққы салдарынан көлікте болған кәмелетке толмаған жолаушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Апат кезінде тағы екі адам зардап шегіп, медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға Шолохов көшесінде болған.

Оқиғаға байланысты Жезқазған қаласының полициясы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Қазір жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0