«Жібекті түте алмаған жүн қылады»: Меруерт Түсіпбаева журналист Асхат Садырбай туралы өз ойын айтты
Әнші Меруерт Түсіпбаева “Бұрынғы әйелін ұрып-соққан” деп қызу талқыға түсіп жатқан журналист Асхат Садырбайдың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.
“Сократ менің досым, бірақ шындық қымбат” деген сөз бар. Көп ойланып кезінде “Қазақфильмге” қатысты да пікір білдірген едім. Осы жолы Асхатпен сыйласып жүргесін ешнәрсе жазбаймын деп едім, Бірақ кеше экс-жұбайы Айғаным видео жариялапты. Сұхбатын да көріп шықтым. Соны біреулер өшіріп тастапты. Бұл – бассыздық. Журналистер сіздерге не көрінді?! Мен екі рет көріп шықтым. Айғанымның толқып отырғаны көрініп тұрды. Өшіретіндерің бар, неге адамның уақытын аласыңдар?! Неге екені белгісіз, кеше Айғанымның түріп көріп шошып кеттім. Күйзелісін сездім. Жүрек шымырлап, жаным ашып кетті. “Жібекті түте алмаған жүн қылады” деген сөз бар. Ана мен жаны нәзік әйел емес пе?! Осы оқиғадан кейін өзіне берік болса екен?!”, – деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?