«Жинаған ақшамды алған»: Гүлзира Айдарбекованың кіші келінін бала күтушісі тонап кетті

Тамыз 10, 2026 - 13:09
app_badging Тамыз 10, 2026 - 13:12
chat_bubble  0 visibility  11
«Жинаған ақшамды алған»: Гүлзира Айдарбекованың кіші келінін бала күтушісі тонап кетті
Фото: Видеодан скрин

Продюсер Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні Индира Мәуленова үйінде болған келеңсіз жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оның сөзінше, бала бағуға және үй шаруасына көмектесу үшін арнайы агенттік арқылы филиппиндік бала күтуші Джойды жұмысқа алған. Алайда біраз уақыт өткен соң қызметкер үйден қашып кеткен.

Индира Мәуленованың айтуынша, кетер алдында үй қызметкері үйді тінтіп, өзінің төлқұжатын тауып алған. Сондай-ақ үйдегі ақша мен кейбір заттарды өзімен бірге алып кеткен.

«Біз оған агенттік арқылы төрт мың доллар төледік. Өзінің паспорты мен жиналған менің ақшамды алып қашып кеткен», – деді Индира Мәуленова.

Ол осы жағдайдан кейін оқырмандарына үйге қызметкер аларда өте мұқият болуға кеңес берді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0