«Жолдасым темір-терсектің адамы»: Тамара Асарға күйеуі самаурын жасайтын зауыт ашып бермек

Наурыз 9, 2025 - 15:32
«Жолдасым темір-терсектің адамы»: Тамара Асарға күйеуі самаурын жасайтын зауыт ашып бермек

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар «Таңшолпанға» берген сұхбатында самаурын шығаратын жаңа кәсіп бастағалы жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz.

Қазақы стильде самаурын шығаруды армандайтын едім. Менің жолдасым өндірістің адамы, темір-терсектің айналысында жүр. Бір күні маған өзінің зауытынан самаурын шығару туралы идеясын айтты. Алдағы қазан айларында алғашқылары шығады. Қазақы қылып шығарғымыз келеді. Бүге-шүгесі көп, қолмен жасайтын дүниелер бар, деді ол.

Әнші қазақ халқының ертеректе шай ішіп отырып-ақ, терапия жасаған ерекше қасиетіне тоқталды.

"Қазақ психологқа бармаған. Олар дастархан басында шай ішіп отырып, терапия жасаған. Ренжіскен адаммен қант қосып, шай ішкен соң, қуаныш гормондары бөлініп, оны кешірген. Қазақ ғылыми атауын білмесе де, барлық дүниеден хабардар болған, - дейді әнші Тамара Асар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow