Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласына аяғы ауыр екенін айтты

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласына аяғы ауыр екенін айтты, деп жазады Sadaq.kz.
"2025 жылға менің жоспарым басқа болған. Ол бұны "жылдың басты жаңалығы" деп атады. "2025 жылға менің жоспарым басқа болған. Алайда... Оның маған деген жоспары одан да ғажап әрі қайырлы", – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесін құттықтап жатыр.
“Өзім ана болатындай қуанып кеттім”, “Қандай керемет жаңалық! Денсаулығы мықты сәби келсін”, “Қайраттың бөпе керек дегені есімде”, “Сендер үшін тілеген дұғам қабыл болыпты”, “Аман-есен жаның қалып босанып ал”, – деп жазды көпшілік.
Сіздің реакцияңыз қандай?






