«Жұмыс істеңіздер!»: Олжас Бектенов «ҚазАвтоЖол» басшысына ескерту жасады
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Премьер-министр баяндамада жол саласындағы бірқатар өзекті мәселе айтылмай қалғанын атап өтті.
«Баяндама жақсы. Бірақ шешімін таппаған проблемалық мәселелер өте көп. Олар туралы сіз айтпадыңыз. Президент атап өткен барлық кемшілік сіздердің жұмыстарыңызға да тікелей қатысты. Сондықтан жолдардың сапасын жақсартып, жағдайды түзету қажет. Жұмыс істеңіз, әйтпесе бұл жұмысты басқа адамдар атқарады», – деді Олжас Бектенов.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, биылғы сегіз айда республикалық жолдардағы жол-көлік оқиғалары 10%-ға азайған. Осы кезеңде көлік ағыны шамамен 30%-ға артқан. Соған қарамастан премьер-министр жол сапасы мен қауіпсіздығына қатысты шешілмеген мәселелер бар екенін айтып, компания басшылығынан жұмысты күшейтуді талап етті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0