Зүлфия Төленова уақытша ұстау изоляторына қамалды
17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленованың қарамағында бала қалмады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы танымал журналист Руслан Өтепбай өз парақшасында жариялап, ақпаратпен бөлісті.
"Тараз қаласының тұрғыны Зүлфия Төленованың үстінен Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалып, ол күні кеше уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Зүлфияның қарауында болған өзге балалардың тағдыры не болды?»,– деген сұраққа жауап берейін: қазіргі таңда оның қамқорлығында бірде-бір бала жоқ. Барлығы мемлекеттің қарауына өтті. Қинау, ұрып-соғу деректері бойынша қозғалған бұл іс соңына дейін әділ тергеледі деп сенемін. Ағайын, ұл-қыздарыңызға өте абай болыңыздар!", – деп жазды ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0