Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанынан түнгі клуб ашпақшы болған

Желтоқсан 18, 2024 - 17:31
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанынан түнгі клуб ашпақшы болған
Фото: Pixabay.com

Парламент Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан былтыр бір кәсіпкер Түркістан қаласындағы киелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі түбінен түнгі клуб ашуға оқталғанын айтты, деп хабарлайды sadaq.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы қаралған еді. Құжатты талқылау кезінде депутат Абзал Құспан былтыр Түркістанда болған жаға ұстатарлық оқиғаның шетін ашты.

«Түркістан қаласына киелілік дарытып тұрған нәрсе не, ол бірінші кезекте Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Жаңа әріптесім Ардақ Назаров дұрыс атап өтті. Киелілік сақтауды қажет етеді. Ол адамдардың тікелей көмегін қажет етеді. Қалайша? Былтыр 2023 жылы Түркістанда болған бір оқиғаны айтып берейін. Осы кесененің түбінен алматылық әлде астаналық бір кәсіпкер түнгі клуб ашпақшы болды. Соған жергілікті ақсақалдар бас көтеріп, қарсылық танытып, түнгі клубты ашқызбай тастады. Егер дәл сол кесененің түбінен түнгі клуб ашылып, Ардақ Назаров айтқандай, арақ ішіп, тайраңдап, таңға дейін музыка ойнап, неше түрлі арсыз қылықтар болса, Түркістанның киелілігінен не қалған болар еді?! Сондықтан да киелілігін сақтау деген ұстаным дұрыс енгізілген деп есептеймін», - дейді Абзал Құспан.

Айта кетері, «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасында тарихи-мәдени мұраны қорғау және рухани объектілердің киелілігін сақтау негізгі қағидат ретінде алынған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow