Ұшақ апаты: Әскери мамандар зымыран соққысы деген нұсқаны айта бастады

Желтоқсан 26, 2024 - 15:44
Желтоқсан 26, 2024 - 15:44
Ұшақ апаты: Әскери мамандар зымыран соққысы деген нұсқаны айта бастады
orda.kz

Ақтауда 25 желтоқсанда болған әуе апатына қатысты жаңа нұсқалар пайда болуда. Embraer 190 ұшағы Azerbaijan Airlines әуе компаниясы рейсімен Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқанда, зениттік-ракеталық кешен (ЗРК) отына ілінген болуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл нұсқаны ресейлік Baza Telegram-арнасы мен бірқатар әскери блогерлер ұсынды, олар аман қалған жолаушылардың куәліктері мен видеоларымен бөлісті.

Арнаның мәліметінше, ұшақ құлағаннан кейінгі видеоларда фюзеляжда оқыс белгілер байқалған. «Ұшақтың артқы бөлігіндегі тесіктер зениттік-ракеталық кешеннен ұшқан снарядтар қалдыратын зақымдарға ұқсайды» деп жазды арна.

 

«ВЧК-ОГПУ» Telegram-арнасының деректеріне сүйенсек, Шешенстанға жасалған дрондық шабуылдарды қайтару үшін қолданылған «Панцирь» ЗРК-сы Embraer 190 ұшағына зақым келтірген болуы ықтимал. 

«Шешенстанға бағытталған таңғы дрон шабуылдарын қайтару кезінде зениттік кешендер іске қосылған. Дәл сол уақытта Azerbaijan Airlines ұшағы төтенше жағдайға тап болды» делінген хабарламада.
Фото: ТАСС

Аман қалған жолаушылар да жарылыс дыбыстары туралы айтты. «Ұшақ үш рет қонуға тырысты, үшіншісінде жарылыс болды», – деді жолаушылардың бірі. Басқа жолаушының айтуынша, ұшақтың артқы  жағы мен қанаттары зақымданған. «Құтқару жилетінде сынықтан тесік пайда болды», – деп атап өтті ол.

MH17 ұшағымен ұқсастықтар

Әлеуметтік желілерде Актаудағы ұшақ апаты мен 2014 жылы құлаған малайзиялық Boeing MH17 ұшағы арасында ұқсастықтар бар екені талқылануда.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow