«Құралай мені концерттің алдында пышақтап кетті» - Мақпал Жүнісова

Желтоқсан 7, 2024 - 11:06
«Құралай мені концерттің алдында пышақтап кетті» - Мақпал Жүнісова

Мақпал Жүнісова журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында марқұм Заманбек Нұрқаділовтың бірінші әйелінен туған қызы Құралай Нұрқаділова концерттің алдында оған пышақ салғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Құралай маған пышақ салған. Республика сарайының жанында концерттің алдында пышақтап кеткен. Сол кезде газетке шықты, Нұрқаділовтың қызы Мақпалға шабуылдады деп тұрып жазды», — деді әнші.

Ол бұл оқиғаны Мерейге туған қызы емес екенін қалай жеткізгенін айтып отырып есіне алды. 

«Зәкең көзінің тірісінде Мерей 18-ге келгенде өзім айтам деген. Сол кісінің аузынан шыққан сөз. Ол 18-ге толғанда айта алмадым, 19-ға толғанда айта алмадым. 20-ға толғанда айттым. Жігіттер кездесуге шақырады, танысады ғой. Руын сұрайды. Сол кезде бұл “ана жігіттің руы мынандай екен” деп келеді. Сен не деп айттың десем, “Албанмын деп айттым” дейді. Өтірік қой енді. Қаракесектің қызы. Арғын. Сондықтан бұған шындықты айту керек деп шештім», — деді Мақпал Жүнісова.

Ол қызына шындықты айтуға Құралай Нұрқаділованың Мерейдің мазасын ала бастағаны да әскер еткенін жеткізді.

«Ана жақтағы балалар Мерей 11-сынып бітіргенге дейін келіп, маңдайынан иіскемеген. Оқуға түсті, гүл алып келмеді, телефонмен де құттықтамады. Жақындатқысы келмеді. Бізбен жауласты. Әкесін мен өлтірді деп жала жапты. Одан кейін ана қыз [Құралай Нұрқаділова – ред.] сұхбат беріп отыр. «Мен Мақпалмен өлсем де араласпаймын, Мереймен араласуға болады» дейді. Мерейдің телефонын Қоразбаев ағадан сұрап алыпты. Мерейге звондап, мазасын ала бастады. Содан кейін айтуға тура келді. Кезінде ол қыз маған пышақ салды ғой. Сонда маған пышақ салған адам менің қызымды керемет қылады деп отырсың ба?», - деді Мақпал. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow