12 адамның өмірін қиған жол апаты: үкіметтік комиссия құрылды

Қазан 23, 2025 - 15:46
12 адамның өмірін қиған жол апаты: үкіметтік комиссия құрылды

Ақтөбе облысында болған жол апатының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды. 

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Бөгетсай ауылының шетінде болған жол апатының себептерін тергеу жөнінде Үкіметтік комиссия құрылды."Премьер-министр комиссияға жұмысын дереу бастауды, жол апатының себептерін жан-жақты тексеруді, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды", - деп жазылған хабарламада.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық ететін комиссия құрамында Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің жетекшілері, Ақтөбе облысы әкімдігінің басшылығы бар.

Еске салайық, бүгін Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адам қаза тапқанын жазған едік. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow