1,5 млн көрермен жиналады: Димаш Құдайберген Түркияда VIII Этноспорт мәдениет фестиваліне қатысады

Мамыр 18, 2026 - 11:14
chat_bubble  0 visibility  1
1,5 млн көрермен жиналады: Димаш Құдайберген Түркияда  VIII Этноспорт мәдениет фестиваліне қатысады

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 23 мамырда Ыстанбұл қаласында өтетін VIII Этноспорт мәдениеті фестивалі аясында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.


Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының ұйымдастыруымен 21-24 мамыр аралығында Ыстанбұлдағы Ататүрік атындағы әуежай аумағында өтеді. 

Фестиваль бағдарламасы дәстүрлі спорт түрлері мен ұлттық ойындарды, қолөнер көрмелерін, гастрономиялық аймақтарды, театрландырылған қойылымдар мен шығармашылық кештерді қамтиды.

2025 жылы фестивальге бір миллион адам қатысқан болса, ұйымдастырушылар биыл келушілер санын 1,5 миллионға жеткізуді мақсат етіп отыр.

Концерттің басталу уақыты – жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0