Қазақстандағы жолаушы тасымалдайтын автобустардың үштен бірі жарамсыз ескі көліктер – зерттеу

Қараша 1, 2023 - 10:05
Қараша 2, 2023 - 11:14
Қазақстандағы жолаушы тасымалдайтын автобустардың үштен бірі жарамсыз ескі көліктер – зерттеу
Сурет egov сайтынан алынды

Биыл сегіз айдың қорытындысы бойынша, Қазақстанның автобус паркіндегі көліктедің саны 105,5 мың көлікке жеткен, деп хабарлайды sadaqmedia.kz  экономиканың әр саласында зерттеу жүргізетін ranking сайтына сілтеме жасай отырып.  

«ҚР СЖРА Ұлттық статистикалық бюросының деректеріне сүйенсек, жалпы көлік паркінде электробустар өте аз: бар болғаны 32 көлік. «Жасыл» автобустар негізінен Астана мен Алматыда жүреді. Сондай заманауи автобустардың бірі Түркістан облысы мен Шымкентте де тіркелген», -деп жазады сайт.

Дереккөз «Қазақстандағы автобус парктерінің ескіргеніне» назар аударған.

«Барлық автобустардың 35,9%-ы (немесе 37,9 мыңы) 20 жылдан ескі, тағы 40,4 мың дана арнайы көлік (38,3%) 10–20 жыл бойы жолаушылар тасымалдап келеді. Тек 7,8 мың көліктің шыққанына әлі үш жыл толмаған. Елдегі жалпы автобус паркіндегі жаңа автобустардың үлесі аз: бар болғаны 7,4%», - деп жазады дереккөз.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow