Жамбыл облыстық сот залында айыпталушы тамырын кесті

Қараша 1, 2023 - 15:16
Қараша 10, 2023 - 00:50
Жамбыл облыстық сот залында айыпталушы тамырын кесті
Сурет Ұлысмедиа сайтынан алынды

Жамбыл облыстық сотында қылмыстық іс бойынша сот тыңдауы өтіп жатқан, - деп хабарлайды sadaqmedia.kz "Ұлысмедиа" агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Сот шешіміне наразы болған айыпталушы сот залында білегі мен қарын тілгілеп, тамырын кеспек болған. 

Сотта 5 айыпталушыдан тұратын топтың заңсыз есірткі және қару-жарақ тарату ісі қаралып жатқан. 

Бұған дейін, айыпталушы бесеудің бірі Ербол Ахметовтің анасы сот шешімімен келіспей, Бас прокуратура алдында өзін өртемек болған еді. Бүгін айыпталушының өзі ашулы сөздер айтып, ақыры өзін тілгілей бастаған.

Іс басқаша насырға шапқандықтан, сот кейінге шегерілді. Айдауылдар айыпталушылардың қолын қайырып, сот залынан алып кеткен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow