17 жыл құлдықта болған Құндыздың аяқ-қолы байланған суреті тарады(ФОТО)
Танымал журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында он жеті жыл құлдықта болған Құндыздың аяқ-қолы байланған суретін жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Журналист оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қамқоршысы Зүлфия Төленоваға байланысқа шыққан. Бірақ ол кезде үйде болмағанын айтып, байлап тастаған мен емес деп отыр. Алайда журналист қамқоршының жауабына күмәнмен қарайтынып айтты.
«Құндыз Назгүлді ұрған. Ауруы қозып кеткен ғой. Сол кезде байлаған ба, білмеймін. Мен де қазір көріп жатырмын. Үйде Танялар байлаған. Мен әрі-бері жұмыстармен жүргем. Өзім де қатты ашуланып тұрмын. Шыны керек, Руслан, дүйсенбі күні барып өтініш жазып, өткізем деп отырмын. Рахмет. Шаршадым. Неше түрлі нәрселер шығарып жатыр. Үкіметке өткіземін», – деп жауап берді.
«Бірақ әңгімесі қисынға келмейді. Байлаған мен емес деп ақталып жатыр. Мен сенбеймін! Тараз қаласының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары, Тараз қаласының полиция департаменті мына мәселені назарға алыңыздар! Ертең жолға шығамын!» – деп жазды Руслан Өтепбай.
Желі қолданушылары болса, «Әлсіздіктерін пайдаланып отыр», «Бір гәп бар», «Алдында жәутеңдеп тұрғандары ұнамаған еді», «Өмірде қиналғандары аз еді, енді мынау» , «Өткіземін деген сөздің астарында шикілік бар», – деп пікір білдірді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
1
Қайғылы
0
Жарайсың
0