Әлихан Смайылов әкесінің “құрметті азамат” деген атағына қатысты пікір білдірді
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР Заңының жобасы қаралды, деп хабарлайды sadaqmedia сайты.
Мәжіліске көптен бері журналистердің алдына шықпаған Үкімет басшысы Әлихан Смайылов келгенімен, сұрақтардың көбіне жауап бермей кетті. Әлихан Смайылов премьер-министр ретінде журналистердің алдына 8 рет шыққанын айтып, ақталды. Әйтсе де ол 7 журналистің сұрағына жауап бергенімен өзге сауалдарға жауап беруді қажет деп таппады.
«Жуырда сіздің әкеңіз Жамбыл облысының құрметті азаматы атанды. Бұл қаншалықты әділетті болды? Мұны сізге жағымпазданып жасап отырған жоқ па?» деген сұраққа Смайылов келесідей жауап берді.
"Жоқ. Ол кісі денсаулық сақтау саласында 40 жылдан астам жұмыс істеп келе жатыр. Жоғары санаттағы хирург. Алпыстан астам ғылыми еңбектері бар. Қазірге дейін ол өзінің тәжірибесін, білімін көптеген мамандарға беріп, өзінің міндетін жалғастырып жатыр. Сондықтан да ол әділетті деп ойлаймын», – деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?