Құжат бойынша Болат Назарбаев «Алтын Орда» базарының иесі емес – министр
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев журналистерге арналған брифингте Алматы облысындағы «Алтын орда» базарының иесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды sadaqmedia.
Министрдің айтуынша, құжаттарға сәйкес базардың иесі Болат Назарбаев емес.
«Біз зерттеген құжаттар бойынша, ол базардың иесі Болат Назарбаев емес. Сондықтан, оның жеке басы туралы, Болат Назарбаев базардың иесі деп заң тұрғысынан айта алмаймын», - деді Арман Шаққалиев.
Шаққалиевтің сөзіне сенсек, ол басқарып отырған министрліктің міндеті – базарды заң аясында жұмыс істету болған. Өйткені, министр хабарлағандай, бұл базарда санитарлық, өрт сөндіру талаптары сақталмаған. Сондай-ақ министр осы талаптарды реттеу бойынша жүріп жатқан істе Болат Назарбаев тергелмейтінін хабарлады
«Біз бұл базардың иесі, яғни, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті білеміз, енді заң бұзылса, солардан сұраймыз», - деді.
Сіздің реакцияңыз қандай?