Жетісу облысында ауыл әкімі оқушыны қағып өлтірді – БАҚ
Жетісу облысы Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бахтиярова 9 сынып оқушысын көлігімен басып өлтірді деген күдікке ілінде. Бұл туралы Орда сайты жазады, деп хабарлайды sadaqmedia.
Жол апаты биыл 2 қараша күні Ескелді ауданының Биғаш ауылы маңында болған. 9 сынып оқушысы Асыл Тұрсынбай оқиға орнында көз жұмған, ал, көлікте Көксу ауылдың округінің әкімі Әлия Бахтиярова отырған деген ақпарат бар.
Оқиға орнына келген жол полициясы көлік жүргізушісін қамауға алмаған.
«2 қараша күні 12 жасар бала жол апатынан қаза тапты. Hyundai Creta көлігін жүргізген 39 жастағы әйел басқарып келе жатқаны анықталды. Оқиғаға қатысты тиісті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды», - деп хабарлаған Орда сайтына аймақтық полиция департаменті.
Сіздің реакцияңыз қандай?