Теректі мектебінің информатика кабинетінде порнография көрсетілген

Желтоқсан 5, 2023 - 16:27
 0  204
Теректі мектебінің информатика кабинетінде порнография көрсетілген
Сурет ашық дереккөзден алынды

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында 14 мектеп директоры жазаланды, деп хабарлайды sadaqmedia.

Теректі ауданының прокуратурасы осы мектептердің информатика кабинеттерінде тыйым салынған интернет-контенттер ашық дереккөзде болғанын анықтаған.

“Осылайша, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіру мүмкіндігі белгілі болды. Осыған 14 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке  тартылды”,-деп хабарлайды прокуратура.

Прокурорлар ауданның барлық білім беру мекемелерінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеу салды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 1