«30 жылдан кейін алдым» : Мақпал Жүнісова қуанышты жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

Мамыр 21, 2026 - 15:27
app_badging Мамыр 21, 2026 - 15:35
chat_bubble  0 visibility  2
«30 жылдан кейін алдым» : Мақпал Жүнісова қуанышты жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)
Коллаж: Sadaq.kz

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, бейнежазба жариялады.

"Құрметті  менің тыңдармандарым, көрермендерім, туысқандарым! Президент қолымен мінекей осындай  ІІ дәрежелі «Барыс» орденін табыстады. Ақорданың есігін ашпағалы 30 жыл болыпты. 30 жылдан кейін осындай мәртебелі атақ иесі болып жатқаныма өте қуаныштымын. Көп рақмет! Баршаңызға осындай марапаттар бұйыра берсін! Қуаныштымын" – , деді Мақпал Жүнісова. 

Желі қолданушылары әншіні марапатымен құттықтап, ақ тілектерін жарыса жазды.

"Барлық құрметке лайықтысыз", "Құтты болсын", "Сіз үшін қуаныштымыз", "Нағыз өнер майталманы", "Керемет жаңалық", – деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0