Бішімбаевты қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылды

2023 жылғы 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Қаңтар 11, 2024 - 17:32
 0  80
Бішімбаевты қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылды
Kursiv.media
Қуандық Бішімбаевты қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылды. 

Салтанат Нүкенованың өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі екі айға, 9 наурызға дейін ұзартылды.

"2024 жылғы 9 қаңтарда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзартуды санкцияланды", - деп хабарлады сот басылымға.

Сондай-ақ Астана соты өзге мәліметтерді Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайтынын ескертті.

Еске салайық, 2023 жылғы 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Қайғылы оқиға астанадағы Bau мейрамханасында болды.

Кейінірек Салтанат Нүкенова қаза тапқан "Гастро-центр" директоры да қамауға алынғаны белгілі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бишімбаев ісі бойынша Ішкі істер министрлігіне арнайы тапсырма берді.

Kazinform

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0