«Нұрәлі Әлиевтің қатысы бар»: Антикор Алматыдағы дабыл жүйесіне байланысты тексеріс бастады

Бұған дейін "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында 2023 жылы алматылық төтенше жағдай департаментінің қызметі жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлау жүйесін автомандару үшін 1 120 538 143 теңге қаржы жұмсағанын жазған еді.

Қаңтар 24, 2024 - 15:07
Қаңтар 24, 2024 - 15:08
«Нұрәлі Әлиевтің қатысы бар»: Антикор Алматыдағы дабыл жүйесіне байланысты тексеріс бастады
abai.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматыда жер сілкінісі туралы ескерту жүйесіне қатысты жағдайды тексеру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғам белсенділері тарапынан келіп түскен үндеугедің назардан тыс қалмайтынын хабарлады. "Біз ақпараттан хабардармыз, әріптесіміз, қоғамдық кеңес мүшесі Дидар Смағұловтың жазбасын оқыдық. Осы факті бойынша агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті қоғамдық бірлестіктің өтінішін тіркеді. Тексеру үшін уәкілетті органға жіберілді. Олардың қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданып, ол туралы БАҚ пен жұртшылыққа хабарланады", - деді ресми өкіл Арман Тілеукенов.

Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотқа дейінгі тергеу органы ретінде тексеру жүргізуге құқы жоқ.

"Біз материалдарды тиісті уәкілетті органға тексеруге жіберіп жатырмыз. Бұл мемлекеттік аудит департаменті болуы мүмкін. Осы тергеуден кейін тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылдаймыз", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында 2023 жылы алматылық төтенше жағдай департаментінің қызметі жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлау жүйесін автомандару үшін 1 120 538 143 теңге қаржы жұмсағанын әрі оның Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Алиевке тиесілі екенін жазған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow