52 жастағы спортшы Олимпиаданың финалына шықты

Ақпан 9, 2026 - 11:22
 0  2
52 жастағы спортшы Олимпиаданың финалына шықты
Фото: Olympic.com

Италияда өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындарында тағы бір ерекше оқиға тіркелді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Австриялық 52 жастағы сноубордшы Клаудия Риглер параллельді гигант слалом сайысында финалға жолдама алды.

Тәжірибелі спортшы әуелі іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, кейін плей-офф бәсекелерінде де жоғары деңгейде өнер көрсетті. Нәтижесінде 1 минут 35,43 секунд көрсеткішімен 16-орынға тұрақтап, Олимпиаданың 1/8 финалына жолдама жеңіп алды.

Айта кетейік, Клаудия Риглер 2015 жылы 45 жасында Крайшбергте өткен әлем чемпионатында топ жарған. Сондай-ақ оның еншісінде әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлделері бар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0