65 жастағы әйел кремация алдында тіріліп кеткен

Қараша 26, 2025 - 21:11
65 жастағы әйел кремация алдында тіріліп кеткен
Фото: bangkokpost.com

Таиландтағы Wat Rat Prakongtham ғибадатханасында кремация рәсіміне бірнеше минут қалғанда  65 жастағы әйел тіріліп кеткен, деп жазады Sadaq.kz.

Туыстары әйелді Final Home бағдарламасы аясында табытпен алып келген. Бұл бағдарлама отбасыларға жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға көмектеседі. Бір күн бұрын жергілікті шенеуніктер отбасыға оның қайтыс болғаны туралы хабарлаған. Інісінің айтуынша, ол соңғы үш жыл бойы әпкесіне қарап, ресми хабарламаға еш күмән келтірмеген. Барлық құжаттарды рәсімдегеннен кейін туыстары мәйітті ғибадатханаға тапсырған.

Bangkok Post басылымының мәліметінше, рәсім басталар алдында ғибадатхана қызметкерлері табытты ашқан кезде әйелдің қозғалғанын байқайды. Процесс бірден тоқтатылған. Бас монах әйелді ауруханаға жіберуді бұйырып, емдеу шығындарын ғибадатхана өз мойнына алатынын  хабарлаған.

Дәрігерлер әйелде жүрек тоқтауы немесе тыныс алу жеткіліксіздігі белгілері болмағанын анықтады. Оның өлді деп шешім шығаруға ауыр гипогликемия — қандағы қант деңгейінің күрт төмендеуі себеп болған, сол себепті ол клиникалық өлімге ұқсас күйге түскен.

Пациентке шұғыл көмек көрсетілді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Ғибадатхана өкілдері қозғалыс кремация рәсімінің басталуына бірнеше минут қалғанда ғана байқалғанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow