67 млрд теңге бөлінген метро бекеті ашылмайтын болды

Қалқаман метро бекетінің салынуына 67 млрд теңге бөлінген. Дегенмен оның құрылысы тағы 1 жылға созылып, әлі пайдалануға берілмеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.
Қазіргі кезде Алматы метрополитенінде 1416 қызметкер еңбек етеді. Метрополитен желісінде 60 вагон кестеге сәйкес қызмет көрсетеді. Жүріс интервалы жолаушылар ағымына тікелей байланысты. Болашақта күту уақыты жолаушылардың көбеюіне және сұранысқа қарай қысқартылуы да мүмкін. Қосымша жылжымалы құрам сатып алу жоспарда бар. Қазіргі кезде бұл мәселе қарастырылып жатыр, - деді Алматы метрополитені директордың пайдалану жөніндегі орынбасары Арсен Джангелдин.
Оның айтуынша, алдағы уақыттарда метро бекеттерде wi-fi желісі орнатылады.
2024 жылы метро қызметін 27 млн аса жолаушы пайдаланған. 2025 жылдың қаңтар және ақпан айларында 4,5 млн жуық жолаушы тасымалданды. Қазіргі кезде метро бекеттерінде wi-fi желісін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр, бұған дейін аталған желі тестілік режимде іске қосылған, - деді Арсен Джангелдин.
Наурызбай ауданының бұрынғы әкімі Санжар Тоғай “Қалқаман” бекетінің құрылысы 2025 жыл аяқталатынын айтқан еді. Дегенмен құрылыс тағы бір жылға созылып, келесі жылы халыққа пайдалануға берілмек.
Қалқаман станциясы құрылысының сметалық құны шамамен 67 млрд теңге. Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі – 2026 жыл. Нысанда 142 жұмысшы жұмыс істейді, оның ішінде жоғары мамандандырылған мамандар. Қазіргі таңда жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін Қалқаман стансасынан “Барлық” базары аумағына дейінгі аралықтағы жобаның үшінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді Директордың пайдалану жөніндегі орынбасары.
Еске салсақ, былтыр Алматы метросында зағип жігіт метро астына түсіп, қайтыс болған еді. Аталған жағдайдан кейін, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулар орнату жоспарланған еді.
Қазіргі таңда уақытша қоршаулар орнатылды. Қолданыстағы станциялар құрылымы кезінде қоршау орнату талабы болмағандықтан, олар үшін жаңа жобалық-сметалық құжаттама әзірленуі қажет. Қазіргі кезде бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр, бөлінетін қаражат көлемі тиісті жоба әзірленгенде белгілі болады. Ал болашақ салынатын станцияларда мұндай қоршаулар , 2022 жылы құрылыс стандарттарына енгізілген өзгерістерге сәйкес, жобалау кезінде қарастыралатын болады,- деді Арсен Джангелдин.
Метро бекттерінде самсаған жарнамаларды күніге көзіміз шалады. Дегенмен бұл жарнамалар Алматы метрополитеніе ешқандай пайда әкелмейді дейді.
Алматы метрополитені әлеуметтік маңызы бар қоғамдық көлік болғандықтан, қаражат табуды көздемейді. Табыс көзі ретінде қарастырылатын жалға беру және жарнама алаңдары қалалық Мемелекеттік активтер басқармасына тиесілі, - деді Алматы метрополитені директордың пайдалану жөніндегі орынбасары Арсен Джангелдин.
Сіздің реакцияңыз қандай?






