«7 жыл қорлық көрдім»: Қалдыбек Құрманәлінің қызы әкесінен жалынып көмек сұрады (ВИДЕО)

Белгілі композитор Қалдықбек Құрманәлінің қызы Әнару Қалдықбек әлеуметтік желіде жанайқайын жариялап, елді дүр сілкіндірді. Оның айтуынша, ол жеті жыл бойы танымал боксшыдан қорлық көріп келген, деп хабарлайды sadaq.kz.
«7 жыл бойы мен осы адамнан қорлық көрдім. Мені барлық жағымнан қорлап, бопсалап, қорқытып ұстап келеді. Жетім деп басыма мінді. Әйелі екіқабат болған екен, мен пәкпін, баламын. Оның үйлі екенін де білмей, сеніп араласқан едім. Әйелі қыз туғаннан кейін маған көңіл бөліп, мені маңайлап жүрген екен. Сұмпайы араласа келе қалай оның зорлығына тап болғанымды түсінбей қалдым», – деп жазды Әнару.
Оның сөзінше, 7 жыл бойы ол үнсіздікке көніп, қорлыққа шыдап келген.
«Бұл адамнан құтылмай, тыныш өмір сүре алмадым. Әкемді де араластырғым келмеді. Бірақ ішімде жиналған қорқыныш, үрей, тозақтай күндер мені тірідей өлтірді. Осы адамға жолыққалы өмірім құлдырап кетті», – дейді ол.
Әнару әкесіне арнаған жазбасында: «Әке, Сізден басқа қорғаным жоқ. Мені тастамаңызшы. Мен әлсізбін. Осындай алаяқтардың жемтігі қылмаңыз. Сізден басқа қорғанышым жоқ. Сенерім – Алла мен Сіз ғанасыз», – деп жанайқайын жеткізді.
Сонымен бірге ол өзінің қолында көрген қорлықтарын дәлелдейтін суреттер мен видеолар бар екенін де жасырмады.
«Қажет болса, бәрін жариялаймын. Сіздердің қолдауларыңызбен бұл сұмдықтың бетін ашамын. Анам тірі кезінде шашымның бір талын да ешкімге ұстатпаған еді», – деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






