8 наурыз: Астанада аналарға 9 830 теңге сыйақы беріледі

Ақпан 27, 2025 - 15:43
8 наурыз: Астанада аналарға 9 830 теңге сыйақы беріледі
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай елордада 36 мыңға жуық әйелге бір реттік төлем төленеді.
Әкімдіктің хабарлауынша, бір реттік көмек көпбалалы отбасылар, көпбалалы аналар, оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған аналарға берілмек. 
“Бұл қаулы Астана қаласы мәслихатында 2023 жылы бекітілген. Елорда бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлемелерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға – 36 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9830 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі”, - деп жазды ведомстводағылар.
Төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының әлеуметтік төлемдер орталығының тізімімен жүргізіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow