Ақтаудағы ұшақ апатын дронмен түсірген блогер 10 күнге қамалды

Желтоқсан 26, 2024 - 10:40
chat_bubble  0 visibility  93
Ақтаудағы ұшақ апатын дронмен түсірген блогер 10 күнге қамалды

Блогер Азамат Сәрсенбаев Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерді дронмен видеоға түсіргені үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты Сәрсенбаев құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабын орындамады деп айыптап, 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.

Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабы "Билік өкілінің заңды талабына бағынбау" бойынша айып тағылды. Сот істің мән-жайын ескеріп, ең төменгі жазаны бергендерін айтады. 

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 1
Сұмдық Сұмдық 2
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0