Адам шығыны бар: Өскеменде тұрғын үй өртенді
Төтенше жағдай салдарынан 70 шаршы метр аумақ өртке оранған. Жұмыс барысында құтқарушылар үйдің ішінен 1996 жылы туған ер адамның денесін тапты.
Өскемен қаласындағы Рылеев көшесінде тұрғын үй өртеніп, 1996 жылы туған ер адам қаза болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, үйді қызыл жалын толық шарпыған. Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге кірісіп, тілсіз жауды толық ауыздықтады.
Төтенше жағдай салдарынан 70 шаршы метр аумақ өртке оранған. Жұмыс барысында құтқарушылар үйдің ішінен 1996 жылы туған ер адамның денесін тапты.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды. Мамандар отты қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ жылыту және электр құрылғыларының жарамдылығын тұрақты тексеріп отыру қажеттігін ескертті.