«Ағамды алдап шақырып, оқ атқан»: Жамбылдағы қанды қылмысқа қатысты жаңа мәлімет жарияланды
2026 жылдың 1 тамызында түнгі сағат 03:00 шамасында Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Луговой ауылының Пушкин көшесінде қайғылы жағдай болған еді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
22 жастағы жігітті қастандықпен өлтірген. Полиция бұл бойынша қылмыстық іс қозғады. Жігіттің қарындасы Жансая Тілеуғалиева оқиғаға қатысты жаңа деректерді жайып салды.
«Оқиға алдында ағамызды танысы шақырып алып шыққан. Уәделескен жерге келгенде, ол бірнеше адамның күтіп тұрғанын көрген. Сол сәтте оған қаруды көрсеткен. Қауіпті сезген ағамыз қашуға әрекет жасағанда, артынан аяғына оқ атқан. Ол құлағаннан кейін де қаскөйлер аяусыз зорлық-зомбылық көрсетіп, денесіне 4–5 рет оқ атқан. Алған ауыр жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды», - дейді Жансая.
Оның айтуынша, бұл қылмысқа ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) қатысы болуы мүмкін деген үлкен күдік бар.
«Осыған байланысты істің барлық мән-жайы толық, ашық әрі әділ тергелуін талап етеміз.Құрметті құқық қорғау органдарының өкілдері мен жоғары лауазымды тұлғалар, осы істі жеке бақылауға алып, әділ әрі ашық тергеу жүргізілуіне ықпал етуіңізді сұраймыз», - деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0