Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасарына қыз зорлады деген айып тағылды

Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Наурыз 12, 2024 - 20:39
Наурыз 13, 2024 - 09:27
Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасарына қыз зорлады деген айып тағылды
фото: qov.kz

Әлеуметтік желіде Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновқа қыз зорлады деген айып тағылды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бұл жайтқа қатысты облыс әкімдігі түсінік берді. 

Facebook желісінде шенеунікке қатысты жазба жарияланды. Бұл ретте Павлодар облысының әкімдігі қызға қарсы арыз түскенін мәлімдеді.

"Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов денсаулығына байланысты 2024 жылғы 8 қаңтардан бастап еңбек демалысында болды. Біздегі мәлімет бойынша, Павлодар облысының полиция департаменті жеке тұлға Серік Батырғожиновтың арызы негізінде бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Жәбірленуші тарап – Серік Батырғожинов.

Тергеу амалдары жүргізілді, айыпталушы тараптың қорғауында көрсеткен фактілері тексеріліп, расталған жоқ. Бүгінгі таңда іс сотқа жіберілді", - деп түсіндірді аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Ведомсвтво толық ақпарат алу үшін процеске қатысушылармен тікелей байланысуды ұсынды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow