Ақмола облысында оқушы қызды өлтіріп кетті

Қараша 17, 2025 - 09:29
 0  16
Ақмола облысында оқушы қызды өлтіріп кетті
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысының Ынтымақ ауылында 14 жастағы қызды өлтірді деген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды sadaq.kz

Полиция қызметкерлері Целиноград ауданы Ынтымақ ауылының 14 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдіктіні бір тәулікке жеткізбей анықтады.

«Қылмыс жасағаннан кейін ер адам қашып құтылуға тырысқан. Алайда жедел іздестіру шаралары барысында ұсталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысты тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр», - деді Ақмола облысының ПД бастығының м.а. полиция полковнигі Ерлан Ақбаров.

Еске салайық, қыз бала пышақ жарақатынан көз жұмған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0